Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да тұрғынға 28 млн теңге шығын келтірген үй ұрылары ұсталды

Қолма-қол ақша мен зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы хабармен жергілікті тұрғын полицияға жүгінген. Келтірілген шығын сомасы 28 миллион теңгені құраған. , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 14:09 Сурет: ҚР ІІМ
Қолма-қол ақша мен зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы хабармен жергілікті тұрғын полицияға жүгінген. Келтірілген шығын сомасы 28 миллион теңгені құраған.

Жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары күдіктілерді ізін суытпай ұстады.

Анықталғандай, күдіктілердің бірі бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған екен.

Тінту кезінде полицейлер ұрланған зергерлік бұйымдарды тауып, оған қоса 1 келіге жуық гашиш тәркілеген. Күдіктілер жәбірленушінің өмірін бақылап, аңдып жүріп ұрлыққа мұқият дайындалған.

Жәбірленушінің үйден кеткенін күткен күдіктілер қоршаудан секіріп өтіп, пластик терезені басып ашып, үйге кірген. Сейфтен олар ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен.

Күдіктілерге қатысты ұрлық және есірткіні заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жалғасуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: