Түркістан облысында тұрғын көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, машина полиции, оружие, пистолет полицейского, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 11:34 Фото: Zakon.kz
Төлеби ауданында полиция бір үйге екі рет ұрлыққа түскен жас келіншекті анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті келіншек көршісінің үйіне күндізгі уақытта ұрлыққа түскен. Яғни үй иелері жоқ сәтті пайдаланған ол ашық қалған пластик терезе арқылы ішке кіріп, ас бөлмеде тұрған Redmi телефонын жымқырып кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жас келіншектен 3 ай бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтады.

Күдікті ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны бас пайдасына жұмсаған.

Тәртіп сақшылары қолды болған айғақты заттарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: