Құтқарушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

ТЖМ құтқарушылары ауа-райынының нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" болжамдарына сәйкес ауа райының нашарлауы күтілуде (қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман).
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
- Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.
Бұған дейін еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript