Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей азаматы қаржы пирамидасы арқылы қазақстандықтардан 1 миллиард теңге ұралаған

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2024 15:06 Фото: Zakon.kz
Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты трансұлттық ұйымдасқан топ құрды және оған жетекшілік етті, аса ірі көлемде ақшаға қатысты қаржылық пирамида құрды деп айыпталған Ресей азаматына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметінше, Ресей Федерациясының азаматы 2016 жылдың наурыз айынан 2017 жылдың маусым айына дейін трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында басқа адамдармен бірлесіп қаржы пирамидасын құрып, инвесторлардың ақшасын тартып отырған.

"Бұл тұлғалар "Questra Holding ins" компаниясы құрылып, ол 2016 жылы бірі инвестициялық компания ретінде — "Atlantic Global Asset Management" (бұдан әрі – AGAM), екіншісі брокерлік компания – "Questra World" болып екі компанияға бөлінді. Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде қылмысқа қатысушылармен ҚР 529 азаматына жалпы сомасы 1 млрд. теңгеден астам материалдық залал келтірді, олар өз кезегінде жоғарыда аталған адамдарға және басқа да белсенді агенттерге сеніп, алданып, компанияның ойдан шығарылған инвестициялық жобаларына өздерінің жеке ақшалай қаражаттарын салған", — деп ақпарат берді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен К. ҚК 264-бабының 1-бөлігінде және 217-бабы 3-бөлігінің 1, 2) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жасалған қылмыстардың ауырлығы мен мән-жайларын, жәбірленушілердің пікірін ескере отырып, сот сотталушыға қылмыстар жиынтығы бойынша (ҚК-нің 58-бабы) 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: