Шығыс Қазақстанда Сібір тау ешкісі фототұзаққа сәтті түсіп қалды
Сурет: Instagram/katonkaragai.semi
Ұлттық саябақ қызметкерлері жабайы табиғат өмірінің таңғажайып кадрларымен жиі бөліседі. Бұл жолы Шығыс Қазақстандағы Сібір тау ешкісінің әсемдігі кім-кімді болсын таң қалдырмай қоймады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнені 2024 жылғы 30 қазанда Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жариялады.
Мамандар бейненің жазбасында фототұзақтың Арчатин орманында орнатылғанын атап өтті.
Оқырмандар таңданыстарын жасырмады.
- Сөз жоқ, керемет!
- Сондай сұлу!
- Таңғаларлық көрініс!
- Осыншалықты әсем болады деп ойламаппын!
- Табиғатпен үндестігін айтсаңызшы!
Сібір тау ешкісі — тау ешкілері тұқымдасының ең үлкен өкілдерінің бірі. Өзге түрлерімен салыстырғанда бұл түр жиі кездеседі және жоғалып кету қаупі төніп тұрған жоқ.
Бұған дейін Маңғыстау облысы Үстірт қорығындағы фототұзаққа сирек кездесетін алабарыс түсіп қалғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript