Шымкентте полицей адам өмірін сақтап қалды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 10:00 Сурет: ҚР ІІМ
Оқиға кеше түнде Шымкентте болды. Кездейсоқ куәгер полицияға көше қиылысындағы көпірден секіргелі жатқан қыз туралы хабарлады.

Аталған жерге бір жарым минут ішінде патрульдік инспектор Мейіржан Барат жетті.

Тәртіп сақшысы көпір қоршауынан шығып тұрған қызды бірден ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды.

"Қуанышқа орай, мен жақын жерде болдым. Үлгердім. Оқыс оқиға болмады. Бұл – менің міндетім",- деп қысқа қайырды офицер.

Қазіргі таңда тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: