Солтүстік Қазақстанды қалың қар басып, жолдардағы жағдай ушықты

Зима, снег, поломка машины, ремонт машины, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 11:25 Фото: Zakon.kz
"Астана-Петропавл" автожолының 446 шақырымында фура жол жиегіне шығып, тұрып қалды. Полицейлер ауыр жүк көлігін сүйрей алатын көлікті тауып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, Петропавловск.news ақпараты бойынша, "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 77-ші шақырымында, Антоновка ауылының маңында, электр қозғалтқышын тасымалдап жүрген газель жолдан шығып, бір бүйіріне аударылған.

Абырой болғанда, көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Тәртіп сақшылары жүк тиегіш пен манипуляторды табуға көмектесті. Көп ұзамай көлік сапарын жалғастыра алды.

Бұған дейін Ақтөбеде қарлы боранда 65 жасар ер адам мал жаюға шығып, жоғалып кеткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: