Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан майордың артында екі баласы қалды

Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан майордың артында екі баласы қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2024 17:05 Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан майорға қатысты деректерді жариялады, оның артында екі баласы қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысындағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған авиациялық апат салдарынан 1988 жылы туған Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Батыр Оразымбетов қайғылы жағдайда қаза тапты.

Офицер Әуе қорғанысы күштері әскери институтын 2009 жылы "ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар" мамандығы бойынша бітірген. Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінде түрлі лауазымнан өткен.

Ми-8 тікұшағын пайдалануда үлкен тәжірибесі бар, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асады.

"Қызмет барысында жоғары кәсібилік пен адалдық танытқан. Осы жылы көктемде болған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан. Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдарымен марапатталған". Қорғаныс министрлігі

Үйленген, марқұмның артында екі баласы қалды.

"Апатты жағдайдағы қону кезінде зардап шеккен әскери институт авиациялық эскадрильясының командирі майор Бибарыс Ибраев пен оқу-жаттығу авиациялық орталығының аға ұшқыш-нұсқаушысы аға лейтенант Рүстем Нығметов қазір облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты-ауыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қаза тапқан офицер мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына жан-жақты қолдау көрсетілу үстінде".Қорғаныс министрлігі

Еске салайық, бұған дейін 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонғанын хабарлаған едік.

Бортта болған 3 экипаж мүшесінің екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

ҚР Ішкі істер министрлігі осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы Ми-8 тікұшағы апатынан аман қалған екі адамның жағдайы туралы айтты.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханаға барып, Сарыжар ауылы маңында болған тікұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді.

Кейінірек Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысындағы авиациялық апат бойынша ресми мәлімдеме жасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: