Ақмола облысында жолаушылар пойызы ірі қара малды қағып кетті

Ақмола облысында жолаушылар пойызы ірі қара малды қағып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2024 09:56 Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері теміржолда үй жануарларын басып кетудің 1 526 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының Тасты – Талды – Баранкөл аралығында Арқалық – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда ірі қара малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды.

"Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 3 ірі қара малды қағып кетті. Пойыз 18 минутқа тоқтап қалды". Polisia.kz

Тексеру барысында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлерімен үй жануарларының иесі, Арқалықтың 54 жастағы тұрғыны анықталды. Ер адам темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік полицейлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы ескертті және теміржол маңында жануарларды жаю кезінде мұқият болуды өтінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: