Астанада жеке үйдегі өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астанада жеке үйдегі өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2024 15:42 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада төрт бала қаза тапқан жеке үйдегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

"Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады.

Еске салайық, 17 қараша күні таңертең Астанада орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры өртеніп, жартылай опырылған. Екі жастан 13 жасқа дейінгі төрт бала қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: