Астана, Алматы және Шымкентте желтоқсанның алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады
Астана қаласының ауа райы болжамы
29 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 4-6 градус аяз.
30 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 5-7 градус аяз.
1 желтоқсан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 4-6 градус аяз.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
29 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 15-17 градус жылы.
30 қараша: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жеңіл жел күтіледі. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.
1 желтоқсан: көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 5-7 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
29 қараша: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 12-14 градус жылы болады.
30 қараша: бұлтты, жаңбыр, түнде қатты жаңбыр. Күшті жел күтілуде. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 6-8 градус жылы.
1 желтоқсан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 4-6 градус жылы.
Бұған дейін метеорологтар Қазақстанда қыстың қандай болатынын егжей-тегжейлі сипаттаған болатын. Олар температура режимі климаттық норма шегінде болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, олардың айтуынша, 2024 жылдың 28, 29 және 30 қарашасында қазақстандықтар тұрақсыз ауа райына дайындалуы керек.