Түркияда балалардың әлеуметтік желі қолдануына тыйым салынуы мүмкін
Фото: unsplash
Түркияда балалардың әлеуметтік желі қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Ел парламентіндегі Технология және коммуникация жөніндегі комитеттің жұмыс тобы цифрлық қауіпсіздік туралы құжатты талқылап жатыр.
Ол құжатта балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары қаралуда.
Жұмыс тобындағы мамандар бұл мәселені шешу үшін 13 жастан төмен балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң қажет екендігін айтады.
Бұдан бөлек балалардың смартфон қолдануын заңмен шектеу жайы да көтеріліп отыр. Сондықтан қазір қолданыстағы интернет арқылы хабар таратуды реттеу туралы заңға өзгертулер енгізілуі мүмкін.
Қазіргі таңда Аустралия, Англия және Қытай сияқты бірқатар елдерде балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заң бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript