Елімізде 4,1 мыңдай науқас ішкі ағзасын ауыстыру кезегін күтіп жүр

Городской центр крови, донор крови, донорская кровь, донорство крови, сдача крови, кровь, переливание крови, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 11:43 Фото: Zakon.kz
Елімізде донор тапшы. 4 100-ге жуық науқас ішкі ағзасын ауыстыру кезегін күтіп жүр. Соның 3 600-ден астамы бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегеді.

Сондықтан, трансплантологияның маңызын түсіндіру мақсатында сала мамандары Алматыдағы көпсалалы ауруханаға барды, деп жазады qazaqstan.tv.

Мәйіттік донор арқылы қаншама адамның өмірін сақтап қалуға болатынын айтты. Сондай-ақ осы істі жүйелеудің жолдарын көрсетті.

"Туыстық донор болған кісі ертеңгі күні өзіне де керек боп қалуы мүмкін. Ал мәйттік донор бұл ешкімге зияны жоқ. Қайтқан кісі қайтты. Бәрі ойлайды мәйттік донорда бәрінен ала береді деп. Олай емес. Тек мидың өлімі болғанда ғана сол науқастан алуға болады." Қайрат Иманбаев, донорлық ағзаларды транспланттау және аллокациялау жөніндегі үйлестіру бөлімінің басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: