Көкшетауда қалта ұрысы анықталды

Центр оперативного управления департамента полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 15:23 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақмола облысында полиция қызметкерлері телефон ұрлығын ашты.

Оқиға Көкшетау қаласындағы №12 маршруттық автобустарда болған. Аталған қоғамдық көлікте Красный Яр ауылының кәмелетке толмаған тұрғынынан құны 162 мың теңге тұратын Redmi Note 11 Pro телефоны ұрланған.

Жәбірленушінің анасының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің болжамды деректері мен жеке басын анықтады.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қоғамдық көліктерде ұрлықтың алдын алу үшін құнды заттарды өзіңізге жақын ұстаңыз – сөмке мен қалтаңыз жабық болсын, гаджеттер мен ақшаны ашық көрсетпеңіз және айналаңыздағы адамдарға мұқият болыңыз.

Егер күдікті мінез-құлық байқасаңыз, жүргізушіге дереу хабарласыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: