Ақмолада полицейлер вейп саудасын тоқтатты

Табак, табачная продукция, сигареты, никотин, табак, дым, курение сигарет, запрещено курить , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 10:29 Фото: unsplash
10 желтоқсан күні Степногорск қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары заңсыз электронды темекі құрылғыларын сатумен айналысқан тұрғынды анықтады.

Қала үйлерінің бірінде жасырын сауда ұйымдастырған 40 жастағы азаматша полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сауда нүктесін тексеру барысында тәртіп сақшылары 200 дана электронды темекіні тәркіледі. Бұл шамамен 2 млн теңгенің өнімі.

Тергеу нәтижесінде күдіктінің маусым айынан бастап заңсыз кәсіппен айналысып келгені белгілі болды. Ол өз әрекетінің заңға қайшы екенін мойындады.

Ақмола облысының полиция департаменті тұрғындарға заң талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Электрондық темекілердің заңсыз айналымына қатысу қайғылы салдарға алып келуі мүмкін екенін ерекше атап өтті.

Құқық қорғау органдары азаматтарды мұндай әрекеттерден бас тартып, заңды жауапкершіліктен сақтануға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: