Қостанай облысында полицейлер қарда жүретін көлікпен браконьерлер тобын ұстады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2025 12:04 Сурет: ҚР ІІМ
Қостанай облысында "Браконьер" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында құқық қорғау органдары сирек кездесетін және қорғалатын жануарларды заңсыз аулаумен айналысқан ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты.

Операцияны Қостанай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен табиғат қорғау бөлімшесінің қызметкерлері "Арлан", "Бүркіт" және жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың мамандарымен бірлесіп жүргізді.

Федоров ауданының Лесное ауылында, кезекті заңсыз аңшылықтан қайтып келе жатқан бес ер адам ұсталды. Тергеу барысында олардың алдын ала сөз байласу арқылы облыс аумағында браконьерлік әрекетті ұйымдастырғаны анықталды.

Қару-жарақ пен аңшылық олжаларын тасымалдау үшін олар алты қарда жүретін көлік пен бес жол талғамайтын көлікті пайдаланған.

Сондай-ақ браконьерлер аңдарды іздеуде дрон, рация және жылуға ден қойғыш құрылғыларды қолданған. Тексеру барысында көлік құралдарының жүксалғышынан Сібір еліктерінің төрт ұшасы табылды.

Сонымен қатар Рудный мен Қашар қалаларында және айналадағы елді мекендерде жүргізілген тінту барысында әртүрлі маркадағы тіркелмеген аңшылық мылтықтар мен түрлі калибрлі оқ-дәрілер, сілеусін, қасқыр, ақбөкен мүйіздері, жабайы жануарлардың бастары мен еті тәркіленді. Топ мүшелерінің айтуынша, олар орманды алқаптарға тұрақты түрде барып, жабайы аңдарды заңсыз аулаған.

Олжадан кейін жануарлардың өлексесін сойып, етін сатумен айналысқан. Соның ішінде олардың қасқыр терісін арнайы кілем жасау үшін қолданбақ болғаны белгілі болды.

Полицейлер бұл теріні тәркілеп, таксидермистке (тұлыптар жасайтын шеберге) тапсырыс беру арқылы мұздатылған қасқырды тұлыпқа айналдыруға әрекеттенгенін анықтады. Қазіргі таңда аталған факті бойынша адамдар тобының заңсыз аң аулауы және тіркелмеген қаруды қолдануы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық топтың әрбір мүшесінің рөлі мен олардың басқа да заңсыз әрекеттерге қатыстылығы тексеріліп жатыр. Қостанай облысы полиция департаменті мұндай табиғатқа залал келтіретін заңсыз әрекеттерге қатаң шара қолданылатынын атап өтті. Құқық қорғау органдары табиғатты қорғау бағытында жұмыстарын одан әрі жалғастырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: