Қазақстанда ағаштың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды
Сурет: Zakon.kz/Бану Алиева
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы "Ағаш материалдарының жекелеген түрлерінің экспортын реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығы бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәтінде былай делінген:
Шығарылған еліне қарамастан ағаштың жекелеген түрлерін алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салу енгізілсін. Темiр жол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты ағаш шпалдарды, басқаларды және шыққан елі Қазақстан болып табылатын ағаш түйіршіктерін қоспағанда.
Ведомство бұл тыйымның отандық тауар өндірушілерді қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын хабарлады.
Бұйрық 2024 жылғы 12 желтоқсанда күшіне енеді.
Қазақстанда 2023 жылдан бастап ағаштың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынған. Бұған дейінгі құжат 2024 жылдың 10 маусымында қабылданған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript