Қостанайда науқасқа келген жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2024 15:27 Фото: akorda.kz
Қостанайда науқасқа келген жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды. Егде жастағы әйел адамның жүрегі қысылып, ауа жетпей, тыныс алуы қиындаған.

Жедел жәрдем шақыртқан қыздары медицина қызметкерлеріне келген бетте агрессия танытып, тілдеп, тиісумен болыпты. Келесі бір сәтте науқастың жүрегі тоқтап қалған.

Реанимация әрекеті нәтиже бермей, фельдшер науқастың жан тапсырғанын айтады. Сол сәтте екі қызы оны ұра бастаған.

Тіпті қасындағылардың араша түскеніне бой бермей, көршілер полиция шақырған соң ғана тыншыған, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір соққыға жығылған 24 жастағы фельдшер бойжеткен ауруханада жатыр. Оның миы шайқалып, беті мен денесі бірнеше жерден көгеріп, жырылған дақ түскен.

"Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жедел жәрдем шақыртқандар мен медицина қызметкерлері арасында сөзге келіспеушілік болғаны анықталды. Оның барысында 41 және 51 жастағы екі әйел фельдшерге дене жарақатын салды." Бауыржан Қасымхан — Облыстық ПД баспасөз хатшысы
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: