Алматы облысында полицейлер алаяқтықтың жаңа эпизодтарын әшкереледі

Алматы облысында полицейлер алаяқтықтың жаңа эпизодтарын әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2024 19:33 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының құқық қорғау қызметкерлері тергеу барысында қамауға алынған адамның алаяқтыққа қатысты екі жаңа эпизодын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 желтоқсанда Қонаев қаласының полиция бөліміне екі жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Олар белгісіз біреудің жеңілдетілген несие рәсімдеуге көмек көрсетемін деген желеумен өз аттарына алаяқтық жолмен қомақты сомада несие алғанын хабарлады.

Жәбірленушілердің айтуынша, несие көлемі 5 367 541 және 1 758 000 теңгені құрағанТергеу материалдарына сәйкес, күдікті азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие алып беремін деп уәде беріп, сенімдеріне кірген. Алайда ол құжаттарды пайдаланып, жәбірленушілердің атына несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдасына жымқырған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалып, оның алаяқтық әрекеттерге қатысы барлығы 19 эпизод бойынша дәлелденген. Ол қамауда, тергеу жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: