Ақтөбе облысында 45 адамнан доңыз тұмауы анықталды

Прием у врача, кабинет врача, доктор, больница, поликлиника, МРТ, магнитно-резонансная томография, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 10:07 Фото: akorda.kz
Ақтөбе облысында 45 адамнан доңыз тұмауы анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың саны аз уақыт ішінде екі есеге көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондықтан санитар мамандар вирустың алдын алу үшін шектеулер енгізе бастады. Яғни медицина мекемелерінің қызметкерлері бетпердемен жүруі тиіс.

Балабақшалар мен мектептердегі ахуал да бақылауға алынды. Бір апта ішінде облыс бойынша жедел респираторлы вирусты инфекциямен 12 мың тұрғын ауырған.

Шошқа тұмауын жұқтырғандардың да саны едәуір өскен.

"793 науқас тексеруден өтті. Оның 45-інен шошқа тұмауы анықталды. Біз сараптама жұмыстарын жүргіздік. Жыл басынан бері тұмаудан 3 363 адам емделіп шықты. Оның 74 пайызы – бала." Майра Нұрғалиева, Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

Күн сайын қызуы көтеріліп, басы ауырған 120 тұрғын дәрігерлерден көмек сұрайды екен. Қазір жұқпалы аурулар ауруханасында 70-ке жуық науқас бар. Оның көбі балалар мен жүкті әйелдер, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандар тұмаудан дер кезінде емделу қажет екенін ескертеді. Осы уақытқа дейін ауруын асқындырып алған 274 адамға пневмония диагнозы қойылған.

"Дереу оқшауланып, жергілікті медициналық ұйымдарға, дәрігерлерге қаралау керек. Үйде жатып емделудің ешқандай пайдасы болмайды." Мұхтар Сербаев, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: