Туристер мен демалушыларды Алматы облысындағы тау беткейлеріне бармауды сұрады

Горы, горная местность, снег, мороз, выпавший снег, выпал снег, снег в горах, снежные горы, снежные вершины, лавина, лавиноопасные районы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 09:27 Фото: Zakon.kz
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) маңызды мәлімдеме жасады. Мамандар 2024 жылдың 23-26 желтоқсан аралығында облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі бар екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты, ТЖД мамандары қала тұрғындарына, туристерге және демалушыларға қар басқан беткейлерге шықпауға кеңес береді.

Сондай-ақ ведомство облыста Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінің бойында Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай өңірлерінде орналасқан 55 қар көшкіні қаупі бар аумақ бар екенін түсіндірді.

"Негізінен, қар көшкіні температураның жоғарылауына және жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуіне байланысты болады, таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытпаңыз". Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Бұған дейін облыста 2024 жылдың 27 қарашасы мен 2025 жылдың 31 наурызы аралығында Есік көлі мен Ассы обсерваториясына баратын жолдар жабылатыны белгілі болған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: