Полиция балалар қауіпсіздігіне бағытталған дәрістерді жалғастыруда

Түркістан облысының Полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 13:08 Сурет: Түркістан облысының Полиция департаменті
Түркістан қаласы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Оқушылар сарайының" білім алушыларымен кездесті.

Тәртіп сақшылары оқушыларға жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін арнайы дайындаған бейнеролик арқылы түсіндірді.

Ал құқық бұзушылық жасағаны үшін, оның ішінде ата-анасының еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болғанына байланысты және жолдың белгіленбеген тұсынан кесіп өткенге жауапкершілік барын мұқият ескертті. Сонымен қатар мотокөліктермен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, мотоцикл, скутер, мопед жүргізушілеріне жылдамдықты асырмай, жол жүрісі ережесін қатаң сақтау қажеттігін жеткізді.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Ұстаздар мен оқушылар тәртіп сақшыларына қызықты әрі пайдалы сабақтары үшін алғыстарын білдірді.

Балалардың қауіпсіздігіне бағытталған мұндай дәрістер облыстың барлық білім ордаларында жалғасын табатын болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: