Ақтау маңындағы жолаушылар ұшағының апаты: дәл қазіргі сәттегі жағдай

Ақтау маңындағы жолаушылар ұшағының апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 15:39 Сурет: ТЖМ ҚР
Бүгін, 2024 жылғы 25 желтоқсанда, Бакуден Грозныйға бет алған әзірбайжандық Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Апаттың алдын ала себебі-құспен соқтығысу. Zakon.kz тілшісі дәл қазіргі сәтке белгілі ақпаратпен бөлісті.

Ұшақтың құлау сәтін және оқиға орнындағы бейнероликтерді желіде куәгерлер тарата бастады.

Baza Telegram арнасы траекторияны жариялады:

Қатты соққыдан кейін ұшақ жарылып артынша өртке оранды. ҚР ТЖМ хабарлағандай, оқиға орнына жеке құрамнан 52 адам және 11 бірлік техника барды.

Сонымен қатар, тірі қалғандар бар екендігі туралы алдын ала мәліметтер пайда болды.

Сағат 11: 10-да "Қазаэронавигация" РМК-дан ақпарат келіп түсті: Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шұғыл түрде санитарлық авиация борттарын дайындағанын хабарлады.

"Қазір біз мамандарды, травматологтарды, нейрохирургтерді және тағы басқа дәрігерлерді жіберу үшін санитарлық авиацияның рейсін дайындадық, қажет болған жағдайда оны алып кететін боламыз", — деді министр.

Кейінірек желіде жолаушылардың тізімі пайда болды. Тіркелгендердің көпшілігі әзірбайжандар, сондай-ақ, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар екендігі анықталды.

Ақтау маңындағы жолаушылар ұшағының апаты: дәл қазіргі сәттегі жағдай , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 15:39

Сурет: Telegram/bazabazon

Көлік министрлігінің дерегінше, бортта алты қазақстандық болған.

Полиция басқармасының қызметкерлері "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Артынша желіде құтқару сәтінен бейне тарады.

Кейінірек Росавиация Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді.

"Алдын ала: ұшақ бортындағы төтенше жағдайға байланысты құстармен соқтығысқаннан кейін оның командирі балама аэродромға "баруға" шешім қабылдады — ол Ақтауды таңдады".

Осы арада қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.

Соңғы ақпарат бойынша Ақтауда ұшақ апатынан аман қалғандар саны 28 адамға жетті.

Мұнымен қоса, ТЖМ деректерді жаңартты: құлаған ұшақ бортында 69 адам болған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: