Павлодар облысында емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

Прием у врача, врач, кабинет врача, больница, поликлиника, пациент, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 14:25 Фото: primeminister.kz
Павлодар облысында емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Себебі, адамдар арасында тамақтың, өкпенің қабынуы, бронхит, бронхопневмания күшейген.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда қазіргі таралып жатқан жедел респираторлық аурудың "А" түрі.

Яғни, бірден өршіп, сырқаттың еркін тыныс алуын бөгеп тастайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ең қиыны бұрын ем алу бір апта болса, қазіргі түрі екі апта немесе одан да көпке созылады.

Жедел жәрдем қызметіне соңғы тәулікте екі мыңға жуық шақырту түскен.

Дәрігерлердің сырқаттарға қызмет көрсету уақыты екі сағатқа ұзартылды.

"Емханалар кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істейді. Фильтр кабинеттер кешкі 6 ға дейін жұмыс істейді. Сенбі, жексенбі күндері кезекші дәрігерлер емханада қабылдайды сырқаттарды." Дидар Уәлиханова, 2-ші қалалық емхана дәрігері
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: