Атырауда полиция мұз үстіндегі қауіпсіздікті күшейтті
Сурет: ҚР ІІМ
Су беттеріндегі мұз жамылғысы әлі де берік емес және әрқашан адамның салмағын көтере алмайды.
Өткен жылы полицейлер мұз ойылып суға түскен 12 адамды аман алып қалған.
Осы жылы да құбылмалы ауа райында жазатайым оқиғалардың орын алмауы үшін Жайық өзенінде патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, балық аулаушыларға қауіпті жерлерден балық аулауға тыйым салынатындығын және мұз үстінде жүрген қала тұрғындарына сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, мұз үстімен жүруге тыйым салынады ескерту белгілері орнатылған қауіпті жерлерден мұз үстімен өту фактілері орын алған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript