Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 11:11 Фото: polisia.kz
ІІМ Киберқылмыспен күрес департаменті жәбірленушілерден қаражатты алып қоюмен байланысты алаяқтық схемаларға қатысудың ауыр зардаптары туралы ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ Киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Жандос Сүйінбай атап өткендей, жеңіл әрі жылдам ақша табуға үміттеніп, кейбір азаматтар қылмыстық және азаматтық жауапкершіліктің барын білместіктен, алаяқтарға көмектесіп, "дропперлерге" айналып жатады.

"2024 жылы 1200-ден астам "дропперге" қатысты сот үкімі шықты. Олардың банк карталары арқылы алаяқтардың шоттарына аударылған 1,3 млрд теңге өндірілді", – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Бұдан басқа, қылмыстық схемаларға қатысқан 56 адам интернет-алаяқтық жасауға көмектескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға, оңай ақша табу туралы ұсыныстарға сенбеуге, күдікті әрекеттер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: