Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған үш күндік ауа райы болжамы жарияланды

Закрытая трасса, закрыто, стоп, снег, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, дорога закрыта, заносы, занос , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 15:48 Фото: pixabay
Синоптиктер алдағы үш күнге – 2025 жылдың 9 қаңтары мен 11 қаңтары аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, елордада қар жауып, аяз -21°С-қа дейін төмендейді, ал еліміздің ең ірі екі мегаполисінде жауын-шашын болмайды, ауа +7°С дейін жылынады.

Астана

9 қаңтар: құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар, күндіз қар жауады. Жердегі қарлы боран. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде -19-21°C, күндіз -5-7°C.

10 қаңтарда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -5-7°С.

11 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз -5-7°С.

Алматы

9 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13°С, күндіз -1-3°С.

10-11 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз 0-2°С.

Шымкент

9 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°С аяз, күндіз +2+4°C.

10 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С аяз, күндіз +3+5°С.

11 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°C аяз, күндіз +5+7°C.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың 9-11 қаңтары аралығында Қазақстанда ауа райының қалай өзгеретінін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: