Павлодар облысында автожолдардағы ақаулар үшін лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Павлодар облысының әкімшілік полиция қызметкерлері 2 мың шақырымға жуық автожолды мұқият тексерістен өткізді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 10:25 Сурет: ҚР ІІМ
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Павлодар облысының әкімшілік полиция қызметкерлері 2 мың шақырымға жуық автожолды мұқият тексерістен өткізді.

Тексеру барысында 51 ақау анықталып, кемшіліктерді жоюға 35 ұйғарым берілді.

"Жолдарды күтіп ұстау, темір жол өтпелеріне тиісті назар аудару және жол инфрақұрылымына қатысты талаптарды орындамау деректері бойынша 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына айыппұл салынып, анықталған ақауларды жою міндеттелді", – деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаменті.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл іс-шаралар өңірдегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендетуге бағытталған.


""Заң және тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдары қызметінің негізгі өзегі. Бұл қағида азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қолдауға негізделген. Тәртіп бұзушылар міндетті түрде өз әрекеттері үшін жауап береді", – деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: