Елімізде тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, цены на лекарства, медикаменты , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 11:33 Фото: Zakon.kz
Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысындаБірыңғай дистрибьютор – "СК-Фармация" ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды.

Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді.

Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін "жалған рецептер" жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.

Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің "Әлеуметтік әмиян" қосымшасында QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді.

Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетуде.

QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба пилоттық режимде іске қосылды және қорытындысы бойынша оны барлық республика бойынша масштабтау жоспарлануда.

2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. – 77,6 мың, 2024 ж. – 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 ж. – 707,6 мың рецепт, 2024 ж. — 682,4 мың рецепт).

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмектерді жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдейді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: