Медициналық сақтандыру қоры комиссиялық мөлшерлемені түзетті

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 14:34 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрығымен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақысының 2024 жылға арналған пайыздық мөлшерлемесіне ҚР Үкіметі белгілеген шекті мөлшер шегінде өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2024 жылға арналған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері Қор қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең жоғары сома шегінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кіріс сомасынан 1,32 пайыз мөлшерінде Қордың есепті айдағы шотынан белгіленсін", — делінген құжатта.

Бұған дейін қордың комиссиялық сыйақысы 1,18 пайызды құраған.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: