Медициналық сақтандыру қорына комиссиялық мөлшерлеме белгіленді

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, система здравоохранения, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 11:33 Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 3 ақпандағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шекті сома шегінде ҰАО Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 2025 жылға арналған комиссиялық алымның пайыздық ставкасының мөлшерін белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 2025 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық ставкасының мөлшері қор қызметін жүзеге асыру үшін есепті айда қор шотына түскен активтер сомасының 1,18 пайызы мөлшерінде шекті мөлшерлеме шегінде белгіленсін", – делінген құжатта.

Бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін медициналық сақтандыру қорының комиссиялық мөлшерлемесі 2024 жылға 1,32%-ға түзетілгені хабарланған болатын. Түзетуге дейін ол 1,18% болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: