2026 жылға Медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 10:27 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы бұйрығымен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-тың 2026 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесі белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған шекті мөлшер шеңберінде Қордың қызметін жүзеге асыру үшін комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі есепті айда Қордың шотына түскен активтер көлемінің 1,09%-ы мөлшерінде бекітілгені көрсетілген.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Айта кетейік, 2025 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үшін комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі активтер көлемінің 1,18%-ы ретінде белгіленген болатын. Кейін бұл көрсеткіш есепті айда Қор шотына түскен активтер көлемінің 1,55%-ына дейін түзетілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: