Өскемен аквапаркінде баланы ажалдан арашалап қалған акушер марапатталды
Сурет: Instagram/akimatoskemen
Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығындағы Atlantic аквапаркінде төрт жасар баланы құтқарып қалған Ирина Носакова марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өскемен әкімдігінің ақпаратынша, оған қала әкімінің атынан алғыс хат табыс етілді.
"Сіздің жанқиярлық ерлігіңіз бен кәсібилігіңіз үлкен алғысқа лайық. Сіздей жандардың арқасында қоғам ізгіленеді" – делінген алғыс хатта.
Ирина Носакова Ана мен бала орталығында акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Аквапаркте демалып жүргенде балалардың көмек сұраған даусын естіп, дереу көмекке ұмтылады. Суға батып, біраз уақыт демсіз жатқан баланы аман алып қалды. Бірнеше минуттық реанимациядан кейін бала тыныс ала бастады. Қазір баланың жағдайы жақсы.
Бұған дейін тегін көрсетілетін шұғыл көмекке қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің қазақстандықтарға мәлімдеме жасағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript