Қазақстанда доллар бағамы төмендей бастады
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 20 қаңтарында сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 529,99 теңге болды.
Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 72,41 теңгеге (+0,25) дейін көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 530,54-532,58 теңге, еуро 545,99-550,17 теңге, рубль 5,09-5,18 теңге аралығында сатылуда.
20 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,42%-ға арзандап, 80,45 долларды құрады. Америкалық West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,39%-ға төмендеп, барреліне 77,09 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 530,12 теңге, еуроны 546,08 теңге, рубльді 5,17 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript