Қазақстанда доллар бағамы төмендей бастады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 26 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,20 теңгеге төмендеп, 501,81 теңге болды.
Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 69,10 теңгеге (-0,27) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 500,47-502,590 теңге, еуро 539,64-545,35 теңге, рубль 5,82-5,97 теңге аралығында сатылуда.
26 наурыздағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді. ICE Futures электрондық саудасында Brent фьючерстерінің бағасы 0,76%-ға өсіп, барреліне $72,96 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнай фьючерстері осы уақытқа дейін 0,77%-ға қымбаттап, барреліне 72,95 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 502,83 теңге, еуроны 545,37 теңге, рубльді 5,95 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript