Алматыда қажылыққа қатысты алаяқтықтың беті ашылды
Фото: Zakon.kz
Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өзін туристік фирманың басшысы ретінде таныстырып, умраға қажылыққа жөнелту бойынша қызмет көрсететін жалған келісімшарттар жасаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктіге кемінде төрт адам көмектескен.
Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Күдікті қамауға алынды.
Полицияға 33 адам ресми арызбен жүгінді. Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергелуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript