БҚО-да елікті бөлшектеп алған ауыл тұрғыны ұсталды

БҚО-да заңсыз аң аулаған ауыл тұрғыны ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2025 18:03 Сурет: polisia.kz
Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз аң аулады деген күдікпен Теректі ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері Volkswagen автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде еліктің бөлшектелген еті табылып тәркіленді. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция азаматтарға заңсыз аң аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: