ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

Полиция, полицейский, полицейские, полиция зимой, полицейский зимой, полицейские зимой, патрульная полиция, патруль, сотрудник полиции, сотрудники полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2025 11:46 Фото: polisia.kz
22 қаңтар күні Ішкі істер министрлігі ауа-райының күрт бұзылуына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство қазіргі уақытта 15 облыстың 43 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілгендігін нақтылады.

"Республикалық маңызы бар алты мыңнан астам шақырым жолда, яғни көрсетілген санаттағы жолдардың 25%-ында шектеулер чччччччччччччччччс енгізілген. Осы орайда біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елді мекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ",- деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Қозғалысқа шектеу енгізілген нақты жол учаскелері туралы "ҚазАвтоЖолдың" ресми Telegram-арнасында, радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ 1403 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.

Бұған дейін Қарағанды облысында ұйытқыған желден жолаушылар автобусы аударылып кеткендігі хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: