Құм мен саз аралас: Алматы облысындағы ауылдардың бірі ауыз су азабын тартып отыр

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, потребление воды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2025 12:35 Фото: pixabay
Алматы облысындағы Кіші Байсерке ауылының тұрғындары ауыз судың сапасыздығына шағымданады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар өз мәселесімен "Еуразия" бірінші арнасының редакциясына жүгінген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, өткен жылдан бастап краннан сумен бірге құм, ал қаңтардан бастап саз аралас шыққан.

Өткен жылдың жазында жергілікті су арнасы құбырларды ауыстырған, бірақ күзде тағы да төтенше жағдай орын алыпты. Тұрғындар бірнеше рет ауылдық округ әкіміне жүгінімен ешқандай шара қолданылмаған.

Әкімдік техногендік төтенше жағдай орын алғандығын алға тартады. Байсерке ауылдық округінің әкімі Болат Тоғызбаевтың айтуынша, 400 абонентке қызмет көрсететін жаңа ұңғымада жарықтар пайда болған.

Бұған дейін Самара – Шымкент тас жолында 82 шетел азаматы құтқарылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: