Алматы полициясы смс-кодтардың алаяқтарға қалай көмектесетінін түсіндірді

Хакеры, хакер, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, мошенник, защита данных, взлом данных, мошеннические схемы, вид мошенничества, кибератака, хакерская атака, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 13:57 Фото: freepik
Алматы қаласы полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасы соңғы уақытта "1414' абоненттік нөмірінен жіберілетін смс-кодтарды заңсыз пайдалануға қатысты интернет-алаяқтық деректерінің көбеюіне алаңдаушылық білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар смс-кодтарды психологиялық айла-шарғы жасау құралы ретінде пайдаланады. Әдетте, жәбірленушіге өзін пошта, салық, коммуналдық қызмет немесе құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған бөтен адам қоңырау шалады.

Олар жәбірленушіні үшінші тарап қосымшаларын орнатуға немесе сыртқы сілтемелерді басуға мәжбүрлейді. Мұндай әрекеттер жеке деректердің, соның ішінде смс-кодтың қолды болуына әкеледі.

Нәтижесінде бұл банк шоттарын бұзуға және қаржылық залал келтіруге себеп болуы мүмкін. Алайда, ол "1414" нөмірінен келген смс-кодтардың несие алуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Себебі банктер биометриялық аутентификация жүйесі мен арнайы қауіпсіздік шараларын қолданады. Дегенмен алаяқтар бұл кодтарды жәбірленушілердің сенімін жаулап алу және психологиялық қысым көрсету құралы ретінде пайдаланады.

Мұндай алаяқтық әрекеттердің негізгі құрбандары көбінесе егде жастағы адамдар болады. Бірқатар жағдайларда алаяқтар азаматтарды депозиттерден ақшаларын шешіп алып, "сақтандыру шотына" салуға көндірген. Сонымен қатар, несие алу әрекеті туралы жалған ақпарат таратып, адамдарды мүлкін кепілге қоюға немесе сатуға итермелеген жайттар тіркелген.

Көп жағдайда жәбірленушілер алаяқтардың көрсеткен шоттарына өз еріктерімен ақша аударады немесе қаражатты жеткізу қызметінің курьерлері арқылы береді. Полиция азаматтарды абай болуға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: