Қостанайда мешіттен сырт киім ұрлаған күдікті ұсталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 10:21 Фото: freepik
Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы "Марал Ишан" қалалық мешітінде қысқы сырт киімді ұрлады деген күдікпен ер адамды анықтап, ұстады.

Белгілі болғандай, деструктивті радикалды ағымдардың жақтаушысы болған 39 жастағы ер адам осы сәтті пайдаланып, өзгенің киімін ұрлап кеткен.

Оның айтуынша, өзінің сырт киімі жұқа болғандықтан, ол басқа біреудің киімін киіп, мешіт ғимаратынан шығып кеткен.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Тексеру барысында күдіктінің басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: