29 қаңтардағы сауда-саттықтағы доллар бағамы белгілі болды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 29 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,66 теңгеге төмендеп, 516,85 теңге болды.
Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне байланысты юань биржасында сауда болған жоқ.
Ақша айырбастау орындарында доллар 517,96-520,15 теңге, еуро 538,43-542,61 теңге, рубль 5,21-5,29 теңге аралығында сатылуда.
29 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent фьючерстерінің құны 0,90%-ға арзандап, барреліне 75,80 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,96%-ға арзандап, барреліне 73,06 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 516,13 теңге, еуроны 538,01 теңге, рубльді 5,29 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript