Егістікке химиялық заттарды қолдану 70% қысқарды

Садоводство, выращивание яблок, яблоневый сад, яблоки, яблони, яблоня, яблоневое дерево, яблоневые сады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2025 09:42 Фото: Zakon.kz
Алма бақтарында, қызанақ пен қырыққабат егістіктерінде химиялық заттарды қолдану 70%-ға қысқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл тәсіл 2023-2024 жылдары Қазақстанда БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшылары жүргізген табысты далалық тәжірибелер негізінде әзірленген.

Сынақтар зиянкестермен күресудің балама әдістерінің жоғары тиімділігін көрсетіп, химиялық заттарды қолдануды айтарлықтай төмендеткен.

Пестицидтерді пайдалануды азайтудың маңыздылығы жөніндегі өзге де мәселелер бүгін Алматыда өткен семинарда талқыланды, деп жазады qazaqstan.tv.

Өсімдіктерді қорғаудың интегралды жүйесі – бұл ең алдымен зиянкестермен күресудің табиғи механизмдерін қолданатын кешенді тәсіл, – дейді сала мамандары.

Бұл әдіс фермерлерге адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қаупін азайтып, экологиялық таза өнім өсіруге мүмкіндік береді.

"ФАО-мен бірлесіп атқарып отырған бірқатар жоба бар. Топырақты деградацияға айналдырмау, селекция, семеноводство жөнінен солармен бірге мынау жалпы өсімдік қорғау саласында интеграциялық әдістерді қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын кешенді зиянкестерден қорғауға бағытталған." Ержан Айнабеков, "Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы" КЕАҚ төрағасының орынбасары

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: