Тоқаев Путиннің Мәскеуге шақыруын қабыл алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы мамыр айында Ресейге барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Тоқаевтың бүгінгі Ақордада Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен кездесуінде белгілі болды.
"Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алғанын айтты", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы "Ақорда" резиденциясында Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізгенін хабарлаған едік.
Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыруға баса назар аударылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript