Қазақстанда доллар бағамы көтерілді

Доллары, деньги, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 16:02 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 3 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,40 теңгеге көтеріліп, 521,60 теңге болды.

Қытай Халық Республикасында мереке күндері болғандықтан юань биржасында сауда болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 521,18-523,35 теңге, еуро 534,07-538,33 теңге, рубль 5,19-5,27 теңге аралығында сатылуда.

3 ақпандағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

ICE Futures биржасында электронды саудадағы сәуірдегі Brent фьючерстерінің бағасы барреліне 1,57%-ға өсіп, 76,86 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнай фьючерстері 2,45%-ға арзандап, барреліне 74,28 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 518,14 теңге, еуроны 537,57 теңге, рубльді 5,27 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: