Ақтөбедегі ірі дүкендерде шіріген картоп сатыла бастаған

Овощи, магазин, супермаркет, продукты питания, овощной отдел, картофель, картошка, цены на картофель, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 16:32 Фото: freepik
Картоптың жыры бітер емес. Бұл жолы оның бағасына емес, сапасына қатысты шағым көбейді. Ақтөбедегі дүкендер мен ірі сауда орындарына шіріген өнім шығарылған.

Ірі супермаркеттерде сатылып жатқан өнімді тұрғындар бейнекамераға түсіріп, шағым білдіріп жатыр.

Тұрақтандыру қорынан әкелінген арзан картоптың сапасы тіпті нашар, деп жазады qazaqstan.tv.

Әкімдік өкілдері өнімнің қанша пайызы жарамсыз екенін айта алмады. Дегенмен бұл мәселе көп ұзамай шешімін табады деп сендірді.

Қазір тұрақтандыру қорында мың екі жүз тонна картоп бар. Сауда орындарына аптасына жүз тонна шығарылып жатыр. Облыс аумағында картоптың келісі 400 теңге шамасында.

"Тұрақтандыру қорының өнімі. Оларды біз кері қайтарып жатырмыз. Халық болғасын, өзіміз де сол халықтың ішінен шықтық қой. Алдырып тастаймыз, кейін қайта алдырып, алмастырамыз." Айбат Ербазиев, Ақтөбе облыстық а/ш басқармасы басшысының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: