5 ақпандағы сауда-саттықта доллардың арзандауы жалғасуда

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 5 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 4,14 теңгеге төмендеп, 515,97 теңге болды.
Қытай юанінің орташа бағамы 70,84 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 517,3-519,7 теңге, еуро 537,5-541,5 теңге, рубль 5,19-5,29 теңге аралығында сатылуда.
5 ақпандағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны 0,39%-ға арзандап, барреліне 75,90 долларды құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,30%-ға арзандап, барреліне 72,48 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 520,27 теңге, еуроны 537,65 теңге, рубльді 5,24 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript