14 мамырдағы сауда-саттықта доллардың арзандауы жалғасуда

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,63 теңгеге төмендеп, 506,21 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,30 теңгеге (-0,02) түсті.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,14 теңге (-0,96) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 507,9-510,5 теңге, еуро 570-575 теңге, рубль 6,19-6,31 теңге аралығында сатылуда.
14 мамырдағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы шілдедегі фьючерстерінің құны 0,63%-ға арзандап, барреліне $66,21 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 0,63%-ға арзандап, барреліне 63,27 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 510,06 теңге, еуроны 566,32 теңге, рубльді 6,32 теңге деп белгіледі.