14 ақпандағы саудада доллардың төмендеуі жалғасуда

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,67 теңгеге төмендеп, 495,28 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 67,90 теңгеге (-0,46) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 499,5-504,5 теңге, еуро 520,5-525,5 теңге, рубль 5,37-5,51 теңге аралығында сатылуда.
14 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны барреліне 75,49 долларға дейін 0,63%-ға қымбаттады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,49%-ға өсіп, барреліне 71,64 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 497,88 теңге, еуроны 518,59 теңге, рубльді 5,44 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript