БҚО-да балабақша тәрбиешілеріне медсақтандыру жарнасы төленбеген

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында балабақшаның 43 қызметкеріне медициналық сақтандыру жарнасы төленбеген.
Аудандық прокурорлар "Балдырған" балабақшасында бұдан басқа да міндетті салық төлемдері аударылмағанын анықтады.
Білім беру ұйымының 8 айдағы қызметкерлерге қарызы 26 миллион теңгеге жеткен, деп жазады qazaqstan.tv.
Салдарынан тәрбиешілер кепілдендірілген медициналық көмек ала алмаған.
Прокурорлардың араласуымен берешек өтелді. Кінәлі адамдар жазаланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript